Шыңғырлау аудандық басқарма мамандарымен жиын өткізілді

    ·
    Шыңғырлау аудандық басқарма мамандарымен жиын өткізілді

    БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Сариеваның төрағалығымен және департаменттің бас маманы С.Күпешеваның қатысуымен Шыңғырлау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен жиын өткізілді.

    ⚖️ Жиын барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Сариева мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау, қызметтік әдеп қағидаларын ұстану және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    📝 Сонымен қатар, департаменттің бас маманы С.Күпешева мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі уақтылы көрсету талаптары жөнінде түсіндірме берді.

    💬 Жиын соңында басқарма мамандарымен жеке қабылдау өткізіліп, оларды қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары