Жоспардан тыс тексерулер: 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы есеп

    ·

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 17 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның ішінде: 3 тексеру - бұрынғы тексерулер барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы бойынша; 9 тексеру — келіп түскен өтініштер бойынша; 5 тексеру - Қарағанды облысы прокуратурасының талабы бойынша.

    Жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде 14 әкімшілік іс қозғалып, лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

    Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында 17 нұсқама берілді, сондай-ақ 12 тәртіптік жаза қолданылды (оның ішінде білім беру ұйымдары - 5, білім беруді басқару органдары - 7).

    Жоспардан тыс тексерулер барысында анықталған негізгі бұзушылықтар:

    • педагогтердің педагогикалық әдепті сақтамауы;
    • білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын сақтамауы;
    • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (МЖМБС) талаптарын бұзу;
    • педагогикалық қызметпен айналысуға тиісті бейін бойынша арнайы педагогикалық білімі жоқ тұлғалардың жіберілуі;
    • сапалық құрамның Біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.

    Қазіргі уақытта 14 білім беру ұйымында нұсқамаларда көрсетілген бұзушылықтар толықтай жойылды, бұл ұсынылған тиісті құжаттармен және материалдармен расталады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары