
Қызылащы ауылдық округінің тұрғындары арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында учаскелік полиция инспекторы мен жастар әдіскерінің ұйымдастыруымен түсіндірме жұмыстары жалғасын табуда.
Нашақорлық пен есірткі тасымалының артында өмірді құртатын қылмыстық жауапкершілік (ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру) тұрғанын ауыл тұрғындарына және жастарға жеткізу.
Іс-шараның басты мақсаты — ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі заттарының зияны мен оның соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін түсіндіру, сондай-ақ қоғамда нашақорлыққа қарсы бірлескен көзқарас қалыптастыру.
Ауыл тұрғындарымен жүргізілген ақпараттық әңгімелесу барысында зиянды әдеттерден аулақ болудың, отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңызы айтылып, сақтандыру жадынамалары таратылды. Тұрғындар шараға белсенді қатысып, салауатты орта қалыптастыруды қолдайтындықтарын білдірді.
Шара барысында заңнамадағы соңғы өзгерістер, есірткіні жарнамалау мен сақтау үшін берілетін жазалар туралы заң аясында ақпарат берілді. Тұрғындарға «Есірткіге жол жоқ» атты заңнамалық түсіндірме парақшалары таратылып, кез келген заңсыз әрекетті көрген жағдайда кезекші бөлімге дереу хабарлау қажеттігі түсіндірілді.









