Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекеттік органның тиімді қызметінің негізі

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекеттік органның тиімді қызметінің негізі

    Алматы қаласы Алмалы ауданының әкім аппаратында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешені тұрақты негізде өткізіледі. Біз үшін мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау өте маңызды.

    Профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттары:
    🔹 Заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында семинарлар мен оқыту сабақтары жүйелі түрде ұйымдастырылады.
    🔹 Тәуекелдерді азайту үшін ішкі талдау жүргізіліп, қызметтің осал бағыттары анықталады.
    🔹 Шешімдердің ашықтығын арттыру мақсатында цифрлық технологиялар мен электрондық құжат айналымы пайдаланылады.

    Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік ахуалын қалыптастыру және әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі – азаматтардың сенімін нығайтып, қоғам мүддесінде тиімді қызмет етудің басты шарты.

    Автор: А.Н. Шамшин.

    Ұқсас материалдар

    "Алмалы ауданы Әкімінің аппараты" жаңалықтары