Рұқсаттар және хабарламалар туралы

    Рұқсаттар және хабарламалар туралы

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының 3-тарауының 22-1 тармағына сәйкес қағаз нысанда берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын алады.
    Егер санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды қағаз нысанда берілсе, көрсетілетін қызметті алушы өтініш бойынша оларды электрондық форматқа ауыстыруға және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық нысанын алады.
    Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын немесе электрондық форматқа ауыстыруды беру "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Железин ауданының әкімдігі" жаңалықтары