Қостанай облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін ағымдағы жылдың күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша әлеуетті операторлардан өтінімдер қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.

    ·

    «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының 18-тармағына сәйкес ағымдағы жылдың күзгі-дала жұмыстарын жүргізу үшін Қостанай облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарына дизель отынын жеткізу жөніндегі әлеуетті операторлардан өтінімдер қабылдауды жүргізеді.

    Дизель отынын әлеуетті жеткізуші операторлардан өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 16- 21 шілде аралығында мынадай мекенжайы бойынша өтеді: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 56 үй, индексі 110000, телефондар 8 (7142) 54-14-76; 53-04-71; 54-27-95; 54-27-11, электрондық мекен-жайы: [email protected].

    Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға өтінім Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының қатаң түрде 1-қосымшасына сәйкес толтырылады.

    Өтінімнің 17- тармағына сәйкес келесі құжаттарды ұсыну қажет:

    1) өтінім;

    2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасы көрсетілген баға ұсынысы;

    3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

    4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;

    5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар, (бар болса) өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

    6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;

    7) мұнай өнімдері немесе резервуар базасына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері немесе резервуар базасын жалдау шартының көшірмесі;

    8) мұнай өнімдері немесе резервуар базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):

    мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:

    мұнай өнімдері немесе резервуар базасының техникалық паспортының көшірмесі;

    цистернасы немесе автоматты құю жүйесі бар автомашина (бензин тасушы) үшін таразының болуы;

    «Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;

    9) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;

    10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасушы) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;

    11) мұнай базаларының орналасу схемасы.

    12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулін қолдану туралы растау.

    Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 10), 11) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші ресурс ұстаушыдан дизель отынын сатып алу туралы шешімді өз бетінше қабылдаған кезде талап етілмейді (өз мұқтажы үшін ЖЖМ жеткізу бойынша операторлар).

    Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау жөніндегі комиссияның отырысы Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, мәжіліс залы мекенжайы бойынша өтеді.

    Комиссия отырысының өткізілетін күні мен уақыты туралы әлеуетті операторларға және Комиссия мүшелеріне жеке тәртіппен қосымша хабарланатын болады.

    Ауыл шаруашылығы
    жұмыстарына мұнай өнімдерін
    бөлудің өңірлік операторларын
    айқындау қағидалары
    1-қосымша

    Нысан

    Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға өтінім

    1. __________________________________________________________________

    (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

    атынан _________________________________________________________________

    (бірінші басшының не өкілеттігін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті

    тұлғаның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

    атынан дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі

    рәсімдерге қатысуға жіберуді сұраймын.

    1. Өтініш беруші туралы мәліметтер.

    Заңды тұлға үшін:

    атауы ___________________________________________________

    бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________________

    басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________

    мекенжайы: ________________________________________________________

    телефон нөмірі (факс), электрондық почта: __________________________

    Жеке тұлға үшін:

    аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ___________________________

    жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________

    жеке басын куәландыратын құжат:

    нөмірі _________________________________________________________

    кім берді _____________________________________________________

    берілген күні _____________________________________________________

    мекенжайы:_________________________________________________

    телефон нөмірі (факс), электрондық почта: __________________________

    Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталуы туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

    орналасқан жері ________________________________________________

    хабарлама күні ________________________________________________

    Өтінімге қоса берілетін құжаттардың атауы:

    _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________

    Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

    Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы _________________________________________________________________

    Өтінім берілген күн: 20__ жылғы __________________

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары