Хабарландыру Қоғамдық тыңдаулар

    ·

    Хабарландыру

    Қоғамдық тыңдаулар

    «Smart Leaders» ЖШС «Қостанай облысы Жітіқара ауданында орналасқан М-41-1-(10А-5А-14) блоктарындағы қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспарына қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есеп» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

    Әсер етуі мүмкін аумақ: Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Большевистік ауылдық округі. Бұрыштық нүктелердің географиялық координаттары: 1) 51°57'58.4835" с.е.; 60°03'01.3235" ш.б.; 2) 51°57'58.4835" с.е.; 60°03'58.3392" ш.б.; 3) 51°57'01.9335" с.е.; 60°03'58.3392" ш.б.; 4) 51°57'01.9335" с.е.; 60°03'01.3235" ш.б.

    Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 10:00-де Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Большевистік ауылдық округі, Тургеневка ауылы, Целинная көшесі, 14А ғимараты мекенжайында орналасқан «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Большевистік негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өтеді. Қазірет, Шевченковка және Тасыбай ауылдарында қоғамдық тыңдаулар өткізу талаптарына сәйкес келетін үй-жайдың болмауына байланысты қоғамдық тыңдауларды өткізу орны ретінде Тургеневка ауылы айқындалды.

    Қажет болған жағдайда Қазірет, Шевченковка және Тасыбай ауылдарының тұрғындары үшін қоғамдық тыңдаулар өтетін орынға дейін көлік ұйымдастырылады. Тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын +7 705 397 17 67, +7 705 587 19 11 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

    Сондай-ақ қоғамдық тыңдаулар ZOOM платформасында бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимде қолжетімді болады. Қосылу сілтемесі: https://zoom.us/j/3875309521?pwd=ZWZra1Q5MTV6V0ltSU9wZVZZTDZCZz09. Конференция идентификаторы: 387 530 9521. Қолжетімділік коды: uv3JD5.

    Тапсырыс беруші (бастамашы): «Smart Leaders» ЖШС, мекенжайы: Алматы қаласы, Жароков көшесі, 322А үй. БСН: 210640011713.

    Жобаны әзірлеуші: «РУДПРОЕКТ» ЖШС, Астана қ., М. Жұмабаев көшесі, 8, тел.: +7 705 397 17 67.

    Бірыңғай экологиялық порталға және жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсына сілтемелер: https://ndbecology.gov.kz/ және https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar.

    Жоспарланып отырған қызмет туралы қосымша ақпаратты [email protected] электрондық поштасы және +7 705 470 98 66 телефон нөмірі арқылы алуға болады.

    Жергілікті атқарушы органның электрондық және пошталық мекенжайы: Қостанай облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 72, e-mail: [email protected], тел.: 8 (7142) 54-61-66.

    Ескертулер мен ұсыныстар жазбаша немесе электрондық түрде Қостанай облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына мына мекенжай бойынша қабылданады: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 72, e-mail: [email protected], тел.: 8 (7142) 54-61-66.

    Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде «Заман» радиосы және « Наш Костанай» газеті арқылы таратылады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары