Қанатбек Жайсанбаев Хатшылық Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, логистикалық, қаржылық, ақпараттық және аналитикалық қолдауды қамтамасыз ететінін хабарлады. Президент Халық Кеңесі Әділ Қазақстанды құруда маңызды рөл атқаратын бірегей диалог алаңы екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Хатшылық басшысына Халық Кеңесі мен мемлекеттік органдар, ұйымдар, азаматтық қоғам институттары және халықаралық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды тиімді үйлестіруді қамтамасыз етуді тапсырды. Президент сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Ассамблеясының бірінші сессиясына сапалы дайындық жүргізу қажеттілігіне назар аударды.

    Президенттің айтуынша, бұл атаулы күн француз халқының бірлігін және еркіндік пен теңдік қағидаттарына бейіл екенін айшықтайды.

    Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықтың даму қарқынына көңілі толатынын жеткізіп, қазақ-француз байланыстарының кеңеюіне Эмманюэль Макрон айрықша үлес қосқанын айтты.

    Президент Франция көшбасшысының жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас елдің халқына бақ-береке тіледі.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақой ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары