ҚАЛАЛЫҚ КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚАУІП ТӨНІП ТҰР: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 69 КӘСІПОРЫН СУ БҰРУ ҚЫЗМЕТІНЕН АЙЫРЫЛУ ҚАУПІНДЕ «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС өндірістік ағынды суларды су бұру жүйесіне ағызу кезінде техникалық шарттар мен нормативтік талаптарды сақтау қажеттігі туралы өнеркәсіптік кәсіпорындарға хабарламалар жолдауда. Бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, бірқатар кәсіпорындар техникалық құжаттамаларын өзектендірмеген және өндірістік ағынды сулардың сапасына қажетті бақылауды қамтамасыз етпеген. Бұл не үшін маңызды? Ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрацияларынан асатын өндірістік ағынды сулар кәріз желілерінің бітелуіне және апаттық жағдайлардың туындауына әкеледі, сорғы жабдықтары мен тазарту құрылыстарының жұмысын бұзады. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 111-бабына сәйкес, су тұтынушылар сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын сақтауға міндетті. Еске саламыз: әрбір кәсіпорын ағызылатын ағынды сулардың құрамы мен көлемін бақылауға, жергілікті тазарту құрылыстарын, бақылау құдықтарын және есепке алу құралдарын жарамды күйде ұстауға міндетті. Қалалық кәріз жүйесіне майларды, мұнай өнімдерін, өндірістік қалдықтарды, ет өңдеу кәсіпорындары мен мал сою орындарының қалдықтарын, тазарту құрылыстарының тұнбаларын және басқа да ластаушы заттарды ағызуға қатаң тыйым салынады. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 112-бабына сәйкес, заңнама талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда сынамалар алу, материалдарды уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдау, сондай-ақ ағынды суларды қабылдауды шектеу немесе толық тоқтату сияқты ықпал ету шаралары қолданылады. «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС анықталған бұзушылықтарды шұғыл түрде жоюға және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға шақырады.
ҚАЛАЛЫҚ КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚАУІП ТӨНІП ТҰР: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 69 КӘСІПОРЫН СУ БҰРУ ҚЫЗМЕТІНЕН АЙЫРЫЛУ ҚАУПІНДЕ
Ұқсас материалдар

eGov Business қосымшасында заңды тұлғаның үлесін сенімгерлік басқаруға беру қызметі енді қолжетімді
Ашу
1 миллионнан астам қазақстандық телемедицина қызметтерін пайдаланды
Ашу
Қазақстандағы ғылым және жоғары білім: білім, технология және жаһандық бәсекеге қабілеттілік бағдары
Ашу
Қазақстан Үкіметі гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітті
Ашу
Бүгін қазақстандық теміржолшылар кәсіби мерекелерін атап өтеді
Ашу
""Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММ" жаңалықтары

РЗАБЕК МЕҢДІҚҰЛОВ «ХАЛЫҚ & БИЛІК» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚОНАҒЫ БОЛДЫ
"Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММАшуСУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
"Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММАшуОҢТҮСТІК ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЫ САЛЫНУДА
"Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММАшуЕНДІ ГАЗ ЕСЕПТЕУІШІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН EGOV MOBILE АРҚЫЛЫ ЖІБЕРУГЕ БОЛАДЫ
"Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММАшу