🔰 САЙРАМ: «ULTRADECOR TRADING KAZAKHSTAN» ЖШС-ДЕ ОРЫН АЛҒАН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ АРНАЙЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

    🔰 САЙРАМ: «ULTRADECOR TRADING KAZAKHSTAN» ЖШС-ДЕ ОРЫН АЛҒАН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ АРНАЙЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
    🔹 Үстіміздегі жылдың 14 шілде күні Департаменттің "Арнайы тергеп-тексеру комиссиясын құру туралы" бұйрығына сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы Сайрам ауданында орналасқан «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС-де орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
    🔹 Арнайы тексеру комиссиясы жазатайым оқиға орын алған жерге арнайы барып, мән-жайларын жан-жақты зерделеп, тексеру барысында қызметкердің еңбек міндеттерін орындау жағдайы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалардың жүргізілуі қарастырылды.
    🔹 Өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау – әрбір жұмыс берушінің заңмен белгіленген негізгі міндеттерінің бірі. Сондықтан еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау және өндірістік тәуекелдердің алдын алу барлық тарап үшін маңызды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары