
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице - министрі Е . А . Садырбаев Балқаш қаласындағы «Kazakhmys Smelting» ЖШС - нің өндірістік нысандарында болды . Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Е . Б . Шортанбаевтың сүйемелдеуімен өткен сапар барысында жұмыс тобы зауыттың негізгі цехтарын аралап , технологиялық үдерістермен , жеке қорғаныш құралдарының жай - күйімен және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуымен танысты .
Кәсіпорын басшылығымен өткен жиында салалық өзара іс - қимыл мәселелері талқыланды . Е . А . Садырбаев төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында персоналды қадағалау және іздеу жүйесін енгізуді ұсынды .
Кездесу соңында вице - министр қойылған сауалдарға жауап беріп , Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша сындарлы әріптестікке ашық екенін атап өтті .









