
Алматы облыстық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілер ашық пікір алмасып, аталған бағыттағы жұмыстарды жетілдіру жолдарын жан-жақты қарастырды.
Отырыста Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы кеңінен қарастырылып, оның негізгі басымдықтары мен іске асыру тетіктеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басты бағыттары айқындалып, бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің тиімді әрі заманауи тәсілдері сөз болды.
Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы Аслан Әбдікәрімов өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қоғамның сұраныстарына сай, ұлттық тәжірибе мен озық шетелдік үлгілерді ескере отырып, ұдайы жетілдіріліп отыруы қажет екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, осы бағыттағы бірлескен жұмысты күшейту, ашықтық пен есептілікті арттыру, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін нығайту қажеттігіне де тоқталды.









