Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тұжырымдаманы әзірлеу мәселелеріне ұсыныстар айтылды

    ·
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тұжырымдаманы әзірлеу мәселелеріне ұсыныстар айтылды

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Алматы облыстық және Қонаев қалалық мәслихаттарының депутаттары, сондай-ақ Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы мен қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті.

    Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеу тәсілдері жан-жақты талқыланды. Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың негізгі басымдықтары, атап айтқанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті трансформациялау, цифрландыру үдерістерін жетілдіру және профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселелері көтерілді. Сонымен қатар мемлекеттік органдар, сарапшылар, бизнес қауымдастығы және азаматтық қоғам өкілдері арасында тиімді диалог алаңын қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.

    Ағымдағы жылы 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру кезеңі аяқталуына байланысты, Мемлекет басшысы жанындағы комиссияның тапсырмасымен Агенттік жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеу жұмыстарын бастағаны атап өтілді.

    Жаңа тұжырымдаманың негізгі бағыттары ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жаңғырту, оқытудың көпдеңгейлі моделін енгізу, сондай-ақ жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жемқорлық тәуекелдерін алдын ала анықтау және әлеуметтік игіліктерді бөлу рәсімдерін цифрландыру ұсынылып отыр.

    Бұдан бөлек, құжатта «тұрмыстық сыбайлас жемқорлық» ұғымын заңнамалық тұрғыда бекіту, жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды қорғау институтын дамыту, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-қызметтердің тәуелсіздігін күшейту мәселелері қамтылатыны айтылды.

    Кездесу барысында қатысушылар тарапынан айтылған барлық ұсыныстар тіркеліп, сараланып, уәкілетті органға жолданатын болады. Жаңа тұжырымдама Мемлекет басшысы айқындаған «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарына негізделмек.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары