Алматы облысында мемлекеттік үлесті жекешелендіру мәселесі қаралды

    ·
    Алматы облысында мемлекеттік үлесті жекешелендіру мәселесі қаралды

    Алматы облысында «Алматы облысы Бас жоспар» ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті жекешелендіру мәселесі бойынша көпшілік тыңдау өтті.

    Іс-шара қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, оның негізгі мақсаты – жекешелендіру рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету болды. Тыңдауға депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғам мүшелері қатысты.

    Талқылау барысында серіктестіктің қызметі, оның өңірді дамытудағы рөлі және алдағы жекешелендіру жоспары қаралды. Атап айтқанда, кәсіпорын сәулет және қала құрылысы салаларын цифрландыру, сондай-ақ өңірлік даму жобаларын іске асыру бағытында жұмыс атқаратыны айтылды.

    Жекешелендіру мемлекеттік саясатқа сәйкес, яғни экономиканың бәсекелі салаларында квазимемлекеттік сектордың үлесін қысқарту мақсатында жүзеге асырылмақ. Мемлекеттік үлесті сату заңнамаға сәйкес, ашық әрі бәсекелі негізде жүргізіледі.

    Көпшілік тыңдау қорытындысы бойынша ұсыныс көпшілік тарапынан қолдау тапты.

    Алдағы уақытта мұндай мәселелер ашық форматта тұрақты түрде қаралып, қоғамның қатысуымен шешілетін болады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары