
Алматы облысы — инвесторлар үшін тартымды өңір. Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, соңғы жылдары инвестиция көлемі тұрақты өсіп келеді: 2022 жылы — 613,9 млрд тг, 2024 жылы — 1 трлн 17,7 млрд тг. 2025 жылға жоспар — 1,352 трлн тг.
Бүгінде облыста құны жоғары 35+ жоба іске асуда — логистикалық хабтар, қойма кешендері, өңдеу және агроөнеркәсіптік нысандар. Алдағы маңызды жобалар: Kusto Logistics, MP Solution, Евразиялық логистикалық парк.
Өңірде инвесторларға арналған 13 индустриалды аймақ бар, соның ішінде «Қайрат» толық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
ШОБ те өсімде: облыста 156 мыңнан аса кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді.









