
Алматы облыстық мәслихатының Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері жөніндегі, сондай-ақ Дін, тілдер, этносаралық қатынастар және ішкі саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыста төмендегі мәселелер қаралып, жан-жақты талқыланды:
1. 2025 жылғы субсидиялардың қаржы көлемі және олардың орындалу барысы туралы ақпарат;
2. Алматы облысында 2022–2026 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жоспарының жүзеге асырылуы;
3. Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының облыста іске асырылу барысы;
4. Өңірдегі ҚМДБ-ға қарасты тіркелмеген және құрылысы жүріп жатқан мешіттерді заңдастыру мәселелері бойынша жол картасының орындалуы;
5. Имамдардың діни білімін арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар жөніндегі есеп.
Барлық мәселелер бойынша ұсыныстар тыңдалып, тиісті шешімдер қабылдауға бағытталған пікірлер айтылды.









