Ұлттық валюта – Теңге күні және Қаржы саласы қызметкерлері күні

    ·
    Ұлттық валюта – Теңге күні және Қаржы саласы қызметкерлері күні

    Құрметті Алматы облысының тұрғындары және қаржы саласының қызметкерлері!

    Сіздерді еліміздің маңызды мерекелерінің бірі – Ұлттық валюта – Теңге күнімен және Қаржы саласы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын.

    1993 жылы 15 қарашада Қазақстан өз ұлттық валютасын – теңгені айналымға енгізіп, экономикалық тәуелсіздігін айқын бекітті. Бұл тарихи қадам еліміздің дербес қаржы жүйесін қалыптастыруға, нарықтық экономикаға бет бұруына және тұрақты даму жолына түсуіне зор серпін берді. Теңге бүгінде мемлекетіміздің тәуелсіздігін, тұрақтылығын және экономикалық берік негізін бейнелейтін басты рәміздердің бірі болып отыр.

    Құрметті облыс тұрғындары!

    Өңіріміздің өркендеуіне, тұрақтылығына және әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан баршаңызға алғыс білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз бен азаматтық жауапкершіліктеріңіз – Алматы облысының дамудағы басты қозғаушы күші.

    Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!

    Сіздер еліміздің қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, экономиканың барлық саласында тиімді шешім қабылдауға үлес қосып келесіздер. Әр саладағы жұмыстарыңыз табысты болсын!

    Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
    Еліміздің тыныштығы мен тұтастығы сақталып, өркендеу жолындағы қадамдарымыз табысты болсын!

    Ізгі ниетпен,
    Алматы облыстық мәслихат төрағасы Қ. Байғоджаев

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары