Алматы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

    ·
    Алматы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

    Алматы облыстық мәслихатының кезекті XLII сессиясы

    Алматы облысында облыстық мәслихаттың кезекті XLII сессиясы өтті. Сессия барысында депутаттар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен басқару жүйесін жетілдіруге қатысты бірқатар маңызды мәселелерді қарастырды.

    Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:

    1. 2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу;

    2. Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелерінің ең төменгі мөлшерін анықтау;

    3. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бекіту;

    4. 2025 жылға арналған су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемелерін белгілеу;

    5. Облыс әкімдігінің дербес құрамын келісу;

    6. Облыстық бюджет комиссиясының құрамын бекіту;

    7. Мәслихаттың кейбір бұрынғы шешімдерінің күшін жою;

    8. Қонаев қаласының көшелеріне атау беру.

    Сессия нәтижелері

    Отырыс соңында тиісті шешімдер қабылданып, бірнеше бағыттар бойынша нақты тапсырмалар берілді.
    Қабылданған шаралар өңірдің тұрақты дамуына, табиғи және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға және Алматы облысының тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары