Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

    ·
    Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

    Алматы облыстық мәслихатының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және архитектура, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша» және Индустриялық-инновациялық, кіші және орта бизнесті, туризмді дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

    Күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды:
    1. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту;
    2. Алматы агломерациясының даму жоспарының іске асырылуы;
    3. Жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылау, жол белгілері мен таңбаларының сақталуын қадағалау;
    4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде инфрақұрылымдық нысандарды, су жабдықтау, су бұру және кәріздік тазарту құрылыстарын жаңғырту және салу;
    5. Автокөлік құралдарын эвакуациялау және арнайы тұрақтарда сақтау қағидаларын бекіту;
    6. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін айқындау;
    7. «Даму» қорының өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстары.

    Бірлескен отырыс барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, нақты ұсыныстар айтылды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары