Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Tansu Construction» ЖШС директоры Николай Ким, «Vertex Holding» ЖШС бас директорының орынбасары Ирина Кенжетаева, күрделі жобалар бөлімінің басшысы Майра Усипбекова және «Астел-К» серіктестігінің бас инженері Бахадыр Садыковпен кездесті.
Кездесуде 600 мың кітап қорын сақтауға арналған Президенттік кітапхана құрылысының барысы талқыланды.
Еске салайық, жыл басында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қызылорда қаласында тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхана салу жөнінде тапсырма берілген болатын. Аталған жоба инвестор Эдуард Огайдың демеушілігімен жүзеге асырылуда, жалпы құны 20,0 млрд теңге. Ғимараттың ауданы 13 мың шаршы метр, 3 гектар жер телімі бөлінген. Үш қабатты, жертөлесі, конференция, оқу, электрондық кітапхана, облыстық тарих және басылымдар, архив және сирек қор залдары, әлем әдебиеті бөлімі, өнер галереялары, медиалаборатория, көрме галереясы, балалар аймақтары, коворкинг, фудкорт, қалпына келтіру шеберханасы, типографиясы болады.
Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстарының мердігері «Tansu Construction», авторлық қадағалаушы «Астел-К» және техникалық қадағалаушы «SJS Казахстан LTD» серіктестіктерімен келісімшарттар рәсімделген.
Нысанды қажетті инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету үшін барлық техникалық шарт алынған. Құрылыс алаңында жер қазу басталып, жерасты суының деңгейін төмендету жұмыстары жүргізілуде.
Президенттік кітапхана құрылысының жобасы пысықталды
Ұқсас материалдар

2026 жылғы 4 қазанда сағат 07:00-де Ақмола облысы Шортанды ауданы Бектау ауылдық округі әкімінің сайлауы басталды.Сайлау учаскелері өз жұмыстарын бастады.
Шортанды ауданының әкімдігіАшу
4 қазан – Қарулы күштердің Зымыран әскерлері мен артиллериясы күні
ҚР ҚМАшу
Бүгін, 2026 жылғы 4 қазанда сағат 7:00-де Ақмола облысы Шортанды ауданының Шортанды кенті әкімінің сайлауы басталды. Сайлау учаскелері өз жұмыстарын бастап, тұрғындарды дауыс беруге қабылдауда.
Шортанды ауданының әкімдігіАшу
Зеренді ауданында ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтуде
Зеренді ауданының әкімдігіАшу
2026 жылғы 4 қазанда Жолымбет кентінде Шортанды ауданы Жолымбет кенті әкімінің сайлауы басталды.
Ашу
"Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті әкімінің аппараты" жаңалықтары

«Дала күні – 2026»: Сыр өңірінде күрішке орақ түсті
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті әкімінің аппаратыАшу
Халықаралық айтыста топ жарды
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті әкімінің аппаратыАшу
Қызылордада Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті әкімінің аппаратыАшу
«Roca group» компаниясының өндірістік жобалары талқыланды
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті әкімінің аппаратыАшу
Қызылордада автоматтандырылған күріш өңдеу зауыты іске қосылды 10-ден 1 слайд. Өндірістік цехтар мен қоймалары бар зауыт кешенінің жоғарыдан көрінісі.
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті әкімінің аппаратыАшу