Саран қаласының отбасын қолдау орталығының үйлестіруіндегі отбасыларға арналған дөңгелек үстел

    Саран қаласының отбасын қолдау орталығының үйлестіруіндегі отбасыларға арналған дөңгелек үстел

    «Заң және тәртіп» акциясы аясында «Саран қаласының Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің психологы Н.А. Пустовалова мен заңгері Э.А. Кононова Орталықтың сүйемелдеуіндегі отбасыларға арналған дөңгелек үстел өткізді.

    Кездесу барысында қатысушылар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жанжалдарды сындарлы түрде шешу және тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі орын алған жағдайда әрекет ету алгоритмін талқылады.

    Іс-шара отбасы құндылықтарын нығайтуға, сондай-ақ қатысушылардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" жаңалықтары