«Кітап оқитын ұлт» қоғамдық қорымен меморандум жасалды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Кітап оқитын ұлт» қоғамдық қорымен меморандум жасалды

    Аймақта кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды құжатқа қол қойылды. Облыс әкімдігі мен «Кітап оқитын ұлт» қоғамдық қоры өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Жоба Мемлекет басшысының кітап оқитын ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамасын өңірде жүйелі жүзеге асыруға бағытталған.

    Аймақтың Ақ үйінде өткен келелі кездесуде кітап оқу мәдениетін дамыту мен рухани құндылықтарды дәріптеу мәселесі кеңінен талқыланды. Жиында алдымен өңірде атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Қазір облыста 275 мемлекеттік кітапхана жұмыс істейді. Өткен жылы «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында 7 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, 210 мыңнан астам оқырман қамтылған. Сонымен қатар кітапханаларда заманауи коворкинг орталықтары ашылып, «Әулиеата кітапханасы» мобильді қосымшасы іске қосылған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары