Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

    ·
    Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

    Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

    11 шілдеден бастап өңірімізде «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғанын еске саламыз. Бүгін, 13 шілде, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жүргізушілердің тәртібін арттыруға бағытталған акция қызу жүріп жатыр. Ол 16 шілдеге дейін жалғасады.

    Осы кезеңде полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

    Басты назарда:

    • Жылдамдық режимін сақтау;
    • Жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелері;
    • Көлік құралдарының техникалық жай-күйі;
    • Жолаушылар мен багажды тасымалдау ережеле

    Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жауапкершілік танытып, өзара сыйластыққа шақырады.

    Естеріңізде болсын: жол жүрісі қағидаларын сақтау — жолдағы қауіпсіздіктің кепілі. Жолдарыңыз қауіпсіз болсын!

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары