ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ САЙЛАУЫ ТУРАЛЫ

    ·

    Құрметті отандастар!

    2026 жылғы 23 тамызда Берлин қаласының уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі жанындағы №411 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау өтеді.

    Сайлау өткізу туралы №1338 Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 1 шілдеде қол қойды.

    Германиядағы Қазақстан Елшілігі жанындағы №411 учаскесінде 18 жасқа толған және Берлин, Бранденбург, Мекленбург – Алдыңғы Померания, Саксония, Саксония-Анхальт федералдық жерлерінде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беру құқығына ие.

    №411 сайлау учаскесінің дауыс берушілер тізіміне енгізілу үшін өз деректеріңізді ( Т.А.Ә., ЖСН, туған күні және тұрғылықты мекенжайы) Елшіліктің консулдық бөліміне [email protected] электрондық поштасы арқылы жолдау қажет.

    Сайлау күні дауыс беру үшін өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі болуы тиіс.

    Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +49 (030) 47007160/161 телефоны немесе [email protected] электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.

    Қазақстан Республикасының Берлиндегі Елшілігінің мекенжайы: Nordendstraße 14–17, 13156 Berlin

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары