Ақтау және Маңғыстау облысында шомылуға тыйым салынған орындар

    ·
    Ақтау және Маңғыстау облысында шомылуға тыйым салынған орындар

    Ақтау қаласы

    Шомылуға болмайтын жерлер:

    • Caspian Riviera қонақүйінен (4-шағынаудан) Тарас Шевченко ескерткішіне дейінгі (5-шағынаудан) жағалау бөлігі;
    • «Шора» су арнасының жағалау аймағы;
    • МАЭК су арнасы маңындағы аумақ.

    Түпқараған ауданы

    Шомылуға тыйым салынған орындар:

    • Ақтау — Форт-Шевченко тасжолының 43-шақырымындағы жағалау;
    • «Көгілдір шығанақ» («Голубая бухта») аймағы (тасжолдың 64-шақырымы);
    • «Саура» жағалауы (86-шақырым);
    • «Тамшалы» жағалау аймағы (Форт-Шевченкодан шамамен 30 км жерде).

    Қарақия ауданы

    Шомылуға болмайтын жерлер:

    • Жыланды ауылынан Кендірлі демалыс аймағына қарай орналасқан жағалау;
    • Тоқмақ ауылынан Кендірлі бағытына дейінгі учаске.

    Мұнайлы ауданы

    Шомылуға тыйым салынған орын:

    • Батыр ауылдық округінен солтүстік-шығысқа қарай шамамен 7 км жерде орналасқан, кен орындары мен зиянды қалдықтары бар қауіпті көл.

    Құтқарушылар тұрғындарға тек ресми жабдықталған жағажайларда шомылуды және белгіленбеген жерлерде суға түспеуді ескертеді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары