Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықтың әлеуметтік осал санаттарын баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі.

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықтың әлеуметтік осал санаттарын баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі.
    Осы мақсатта Жаңасемей ауданында 2026 жылы жалдамалы тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бекітілген жоспарға сәйкес жалпы ауданы 1 300 шаршы метрді құрайтын екі пәтерлі 10 тұрғын үй салынуда.

    Құрылыс жұмыстары келесі елді мекендерде жүзеге асырылуда:
    🏠 Ертіс ауылдық округінің Мұқыр ауылында – 4 тұрғын үй;
    🏠 Ертіс ауылдық округінің Прииртышское ауылында – 2 тұрғын үй;
    🏠 Достық ауылдық округінің Шақаман ауылында – 4 тұрғын үй.

    Қазіргі уақытта барлық құрылыс нысандарына қажетті құрылыс материалдары жеткізіліп, тұрғын үйлердің іргетасын қалау жұмыстары жүргізілуде.

    Ұқсас материалдар

    "Жаңасемей ауданының әкімдігі" жаңалықтары