
Марапат иелерінің әрқайсысы аудан мен елордамыздың дамуына өзіндік үлес қосып келеді. Осындай жандардың еңбегінің арқасында жаңа жобалар жүзеге асып, аулалар абаттандырылып, әлеуметтік инфрақұрылым мен қоғамдық кеңістіктер дамып келеді.
«Сарайшық» – елорданың ең жас әрі қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірі. Оның басты байлығы – кәсібіне адал, жауапкершілігі жоғары тұрғындары. Осындай азаматтардың арқасында Астана күн сайын көркейіп, тұрғындар үшін жайлы әрі заманауи қалаға айналуда.






