ШАРЫҚТАЙ БЕР, НАРЫН САЗЫ!

    ШАРЫҚТАЙ БЕР, НАРЫН САЗЫ!

    Астана күніне орай, жыл сайынғы дәстүр бойынша ауылдық округтердің аудан орталығына келіп, аудан тұрғындары мен қонақтарына концерттік бағдарламаларын ұсынуы биыл да бастау алды.

    Мәдени шараның шымылдығын Хан ордасы ауылының көркемөнерпаздары «Шарықтай бер, Нарын сазы» атты концерттік бағдарламасымен ашты. Өнерпаздар ән мен күйден шашу шашып, ұлттық би мен сахналық қойылымдар арқылы көрермендерге ерекше әсер сыйлап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

    Концерт барысында аудан әкімінің орынбасары Кенесары Бекболатұлы Нұршинов сөз сөйлеп, аудан әкімі атынан өнерпаздарға Алғыс хат пен сый-сияпат табыстап, аудан халқының атынан ризашылығын білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бөкей ордасы ауданының әкімдігі" жаңалықтары