Мүгедектік туралы электрондық анықтаманы қалай алуға болады?

    Мүгедектік туралы электрондық анықтаманы қалай алуға болады?

    Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) мүгедектікті белгілеу туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, электрондық анықтама автоматты түрде қалыптастырылып, eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасының «Цифрлық құжаттар» бөлімінде қолжетімді болады.

    Азаматтарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бөлім басшысы Молдабекова Марал Молдабековна мүгедектік туралы электрондық анықтаманы алу тәртібі жөнінде бейнетүсіндірме әзірлеп, азаматтарды қызықтыратын негізгі сұрақтарға жауап берді.

    Ресми сайттың техникалық мүмкіндіктеріне байланысты бейнематериалды жариялау қарастырылмаған. Бейнетүсіндірмені Департаменттің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларынан көре аласыздар.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары