Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын

    ·
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын
    «Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау мақсатында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
    2026 жылғы 1–3 шілде аралығында ауылдық округ маманы ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді «Электрондық үкімет» веб-порталы ( eGov.kz) және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аталған электрондық сервистерді пайдалану бойынша практикалық көмек көрсетті.
    Іс-шара барысында төмендегі мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді:
    1. Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу.
    2. Жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін жүргізуші куәлігін eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыру.
    3. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама алу.
    4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш беру.
    Ақпараттық-түсіндіру жұмысына ауылдың 17 тұрғыны қатысты.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары