Рейдтік шаралар ұйымдастырылуда

    Рейдтік шаралар ұйымдастырылуда

    «Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің» 2026 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, заңсыз сексеуіл ағаштарын кесуге жол бермеу және «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында мекеме қызметкерлері УАЗ, Нива автокөліктері мен мотоциклдерді пайдалана отырып, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде рейдтік жұмыстар жүргізуде.
    Рейдтік іс-шаралардың негізгі мақсаты – заңсыз сексеуіл ағаштарын кесудің, қарасора өсімдігін егудің және таратудың алдын алу, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету.
    Мекеме қызметкерлері мен Охотзопром мекемесінің қызметкерлері мемлекеттік орман қоры аумағын аралау жұмыстарын жүргізіп, табиғи байлықтарымызды сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" жаңалықтары