
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру және олардың практикалық маңызын талқылау мақсатында жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында Конституцияға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттары кеңінен түсіндіріліп, олардың еліміздегі демократиялық қағидаттарды нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге қосатын үлесі жан-жақты талқыланды.
Кездесу барысында қатысушыларға конституциялық реформалардың мәні мен мазмұны, мемлекеттік билік тармақтарының қызметін жетілдіруге бағытталған жаңашылдықтар, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ заң үстемдігін қамтамасыз етуге қатысты енгізілген өзгерістер туралы толық ақпарат берілді.
Сонымен қатар, Конституция нормаларын күнделікті қызмет барысында басшылыққа алудың маңыздылығы, заң талаптарын қатаң сақтау, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері қозғалды. Қызметкерлерге Конституцияға енгізілген өзгерістердің құқық қолдану тәжірибесіне ықпалы түсіндіріліп, олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңдылық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Конституцияға енгізілген өзгерістердің мазмұны мен оларды іске асыру тетіктеріне қатысты жан-жақты жауаптар алды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жеке құрамның құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәнін түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету қағидаттарын нығайту болып табылады.
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын насихаттауға және конституциялық реформалардың мәнін түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.




