ҚАРАҚИЯДАҒЫ БІРЕГЕЙ СУ КӨЗІ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

    ·
    ҚАРАҚИЯДАҒЫ БІРЕГЕЙ СУ КӨЗІ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

    Маңғыстаудың маржаны іспетті, табиғаты көз тартқан бірегей мекендердің бірі-Қарақия ауданындағы Өнере бұлағы. Талай жылдан бері табиғат жанашырлары мен саяхатшылардың сүйікті орнына айналған бұл су көзі жақында ғана жаңаша кейіпке енді. Маусым айының басында арнайы мамандар бұлақтың сан жылдар бойы қызмет етіп, әбден тозығы жеткен, шіріп ескірген су құбырын анықтап, оны шұғыл түрде ауыстыру қажеттілігі туралы мәселе көтерген болатын. Аудан әкімдігі мен жауапты сала мамандарының жедел әрі жүйелі әрекетінің нәтижесінде, аталған инфрақұрылымдық жаңарту жұмыстары қысқа мерзім ішінде сапалы аяқталды. Бұл ретте «Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығы үлкен қолдау көрсетіп, күрделі жер бедерінде жұмыс істеуге қажетті барлық арнайы техникаларды жедел түрде жұмылдырды. Нәтижесінде тозығы жеткен құбырлар толықтай жаңа, заманауи және төзімді баламаларына алмастырылып, бұлақ суының табиғи ағысы мен тазалығы қалпына келтірілді.

    Қазіргі таңда бұлақтың жағдайы көңіл қуантарлық. Атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде өңірдің экологиялық келбеті жақсарып, мөлдір судың өнімділігі артты. Осының арқасында табиғат ғажайыбын өз көзімен көргісі келетін туристер мен жергілікті келушілердің саны күннен-күнге еселеп артып келеді.

    Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары