
Қарашоқы ауылының спортшылары Азия чемпионатында ел мерейін үстем етті
Қарашоқы ауылының жас спортшылары Бекен Жаңыл Дүйсенғазықызы мен Кальяхмет Айбек Таңжарықұлы Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның абыройын асқақтатты.
Бекен Жаңыл Дүйсенғазықызы 20 жасқа дейінгі (U20) қыздар арасындағы 65 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, күміс жүлдегер атанды.
Кальяхмет Айбек Таңжарықұлы 20 жасқа дейінгі (U20) ерлер арасындағы 79 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола жүлдені жеңіп алды.
Бұл – спортшыларымыздың тынымсыз еңбегі мен жаттықтырушыларының жүйелі дайындығының нәтижесі.
Қарашоқы ауылының тұрғындары үшін бұл – үлкен мақтаныш. Жүлдегерлерімізді және олардың жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда да толағай жеңістер мен биік белестер тілейміз!




