Қарашоқы ауылдық округінің әкімі Д.Акбасованың Рудник-Архарлы ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесуі

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қарашоқы ауылдық округінің әкімі Д.Акбасованың Рудник-Архарлы ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесуі

    Қарашоқы ауылдық округінің әкімі Д.Акбасова 2026 жылдың 29 қыркүйегі күні Рудник-Архарлы ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізіп, елді мекендегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

    Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Атап айтқанда:

    • ішкі көше жолдарының жағдайы және оларды жөндеу;
    • ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі;
    • мобильді интернет сапасын жақсарту және байланыс тұрақтылығын қамтамасыз ету.

    Сонымен қатар, округ әкімі ауыл аумағында тазалық сақтау, абаттандыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше тоқталды. Тұрғындарға көшелерді, аулаларды және қоғамдық орындарды таза ұстау, санитарлық тазалық талаптарын сақтау, абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысу қажеттігі түсіндірілді.

    Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелерді шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына қоғамдық тәртіпті сақтау және ауылдың тазалығы мен көркейтілуіне бірлесіп үлес қосу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары