Бекет Ата бағытына жолға шыққан үш азамат аман-есен табылды

    ·
    Бекет Ата бағытына жолға шыққан үш азамат аман-есен табылды

    Маңғыстау облысында Бекет Ата бағытына жолға шығып, байланысқа шықпай қалған үш азаматты Бейнеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тауып, қауіпсіз жерге жеткізді.

    Іздестіру жұмыстары барысында Бейнеу аудандық полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Бауыржан Нұрмұханбетов пен осы бөлімшенің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Нұржігіт Базарбаев азаматтарды Қыдырша ата аумағынан шамамен 35 шақырым жерден анықтады.

    Алдын ала мәлімет бойынша, олардың автокөлігі батпақты жерге батып қалып, соның салдарынан байланысқа шығу мүмкін болмаған.

    Қазіргі уақытта азаматтар Ақжігіт ауылына жеткізіліп, медициналық тексеруден өтуде. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

    Бейнеу аудандық полиция бөлімі тұрғындарды алыс жолға шығар алдында бағытты алдын ала жоспарлауға, көліктің техникалық жағдайын мұқият тексеруге, сондай-ақ баратын бағыты туралы жақындарына алдын ала хабарлауға шақырады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары