Түпқараған ауданында судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

    Түпқараған ауданында судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

    Жазғы шомылу маусымына байланысты Түпқараған ауданының полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізді.

    Іс-шара барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша ескертулер берілді. Сонымен қатар азаматтарға балаларды қараусыз қалдырмау, тек рұқсат етілген жағажайларда шомылу және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

    Қоғамдық тәртіптің сақталуы полиция қызметкерлерінің тұрақты бақылауында болды. Мұндай профилактикалық жұмыстар жазғы кезеңде тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта да жалғасады.

    https://www.instagram.com/tupkaragan_polisia_bolimi/

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары