Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова азаматтарды қабылдады

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова азаматтарды қабылдады

    Азаматтарды қабылдау орталығына келген Астана және Алматы қалаларының азаматтары бірқатар мәселелермен жүгінді.

    Атап айтқанда атқарушылық өндіріс, зияткерлік меншік және жеке сот орындаушыларының іс-әрекетіне қатысты шағымдарын жеткізді.

    Өз кезегінде Ботагөз Жақселекова ҚР заңнамасы аясында түсініктемелер беріп, тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

    Барлық өтініштер министрдің жеке бақылауына алынды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары