Қазақстанның негізгі 5 сауда серіктесі

    Қазақстанның негізгі 5 сауда серіктесі

    2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 44,9 млрд $ құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды түрде 7,9% артқан.

    Экспорт көлемі 24 млрд $, ал импорт көлемі 20,9 млрд $ құрады. Қазақстанға тауар жеткізуші ірі елдердің қатарында Ресей (6,6 млрд $), Қытай (6 млрд $), Германия (1 млрд $), АҚШ (0,9 млрд $) және Оңтүстік Корея (0,5 млрд $) болды.

    Қазақстан экспортының негізгі бағыттары Қытай (4,9 млрд $), Италия (4 млрд $), Ресей (2 млрд $), Түркия (1,7 млрд $) және Өзбекстан (1,4 млрд $) елдері болды.

    2026 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткіштер Қазақстанның сыртқы саудасында оң динамиканың сақталғанын және негізгі халықаралық серіктестермен тауар айналымының тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы" жаңалықтары