
Қызылорда қаласы Полиция басқармасы азаматтарды интернет алаяқтарының арбауына түсіп қалмауға шақырады. Алаяқтар өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе мемлекеттік мекеме өкілі ретінде таныстырып, жеке және банк деректеріңізді алдап алуға тырысады. Сондай-ақ күмәнді сілтемелер жіберіп, жалған инвестиция немесе ұтыс туралы хабарламалар таратады. Соңғы уақытта жасанды интеллект арқылы жалған бейнеқоңыраулар мен дауыстарды қолдану жағдайлары да тіркелуде. (Правительство Республики Казахстан) ❗ Есте сақтаңыз: • Жеке мәліметтеріңізді, банк картасының деректерін және SMS-кодтарды ешкімге бермеңіз; • Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды жүктемеңіз; • Ақшаны «қауіпсіз шотқа» аудару туралы талаптарға сенбеңіз; • Кез келген ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз. Егер алаяқтардың құрбаны болсаңыз немесе күмәнді қоңырау не хабарлама алсаңыз, дереу 102 арнасына хабарласыңыз.








