
🔹«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 3 шілдеде Әділет департаментінің алаңында Департамент басшысы Алия Аманжулова азаматтар Е. және Н.-ны қабылдап, адвокат пен нотариустың қызмет барысында қолданған шараларына қатысты әрекеттері жөніндегі өтініштерін қарады.
🔹Департамент басшылығы жүйелі түрде жеке және заңды тұлғаларды «Азаматтарды қабылдау орталығы», «Аманат» алаңдарында, сондай-ақ көшпелі қабылдаулар барысында қабылдайды. Жеке қабылдаулар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында кері байланысты едәуір нығайтуға және азаматтардың өтініштері мен сұраныстарына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз кызметі









