Сандықтау ауданы әкімінің Ұлттық домбыра күнімен құттықтауы

    ·
    Сандықтау ауданы әкімінің Ұлттық домбыра күнімен құттықтауы

    Құрметті Сандықтау ауданының тұрғындары!
    Сіздерді Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    Домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес, ол – қазақ халқының баға жетпес рухани мұрасы, ұлттық мәдениетіміздің, бірлігіміздің және ұрпақтар сабақтастығының символы. Оның қоңыр үні халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, даналығын, қайсар рухын және туған жерге деген сүйіспеншілігін айшықтайды.
    Бүгінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен дәріптеу айрықша маңызға ие. Домбыраның күмбірлеген үні жас ұрпақты өз тамырын құрметтеуге, отансүйгіштік рухты нығайтуға және баршамызды ортақ рухани құндылықтар төңірегіне топтастыруға әрдайым қызмет ете берсін.
    Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, бейбіт өмір, татулық пен келісім тілеймін!
    Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары