Сандықтау ауданы әкімінің Астана күнімен құттықтауы

    ·
    Сандықтау ауданы әкімінің Астана күнімен құттықтауы

    Құрметті Сандықтау ауданының тұрғындары!
    Сіздерді Қазақстан Республикасының Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    Астана – еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және Қазақстанның тұрақты дамуының айқын белгісі. Жыл өткен сайын елордамыз көркейіп, заманауи келбетке ие болып, баршамызды жаңа жетістіктерге және жасампаз еңбекке жігерлендіріп келеді.
    Бұл мереке барша қазақстандықтарды ортақ мақсатқа ұйыстырып, туған еліміздің өсіп-өркендеуі мен әл-ауқаты үшін ортақ жауапкершілігімізді еске салады. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ауданымыздың және тұтас еліміздің дамуына бұдан әрі де лайықты үлес қоса беретінімізге сенімдімін.
    Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, бейбіт өмір, молшылық және барлық игі бастамаларыңызға толайым табыс тілеймін. Әр шаңыраққа ынтымақ, құт-береке және ертеңгі күнге деген сенім тілеймін!
    Мереке құтты болсын! Астана күні құтты болсын!
    Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары