Қарағандыда жүздеген домбырашы «Адай» күйін бірге орындады

    Қарағандыда жүздеген домбырашы «Адай» күйін бірге орындады

    Қарағандыда Ұлттық домбыра күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Сәкен Сейфуллин атындағы Академиялық қазақ драма театрының алдындағы алаңға жүздеген домбырашы мен өнерсүйер қауым жиналды. Мерекенің ең әсерлі сәті Құрманғазының аңызға айналған «Адай» күйінің бір мезетте орындалуы болды. Әйгілі шығарманы акцияға қатысушылар Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрімен бірге орындап, ұлттық өнердің айбынын айшықтады.

    Қарағандыда жүздеген домбырашы «Адай» күйін бірге орындады

    Мерекенің құрметті қонағы – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор, белгілі домбырашы, күйші әрі композитор Тұрар Әліпбаев болды. «Домбыра – ұлт қазынасы» атты мерекелік акцияға кәсіби музыканттармен қатар оқытушылар, студенттер, музыка мектептерінің тәрбиеленушілері және ұлттық аспапта өнер көрсетуді сүйетін әуесқой домбырашылар да қатысты.

    Қарағандыда жүздеген домбырашы «Адай» күйін бірге орындады

    — Бүгінде домбыраға деген қызығушылық артып келеді. Мемлекет балалардың ұлттық аспапта тегін білім алуына барлық қажетті жағдайды жасап отыр. Мұның нақты нәтижесі де көрініс табуда: бүгінде қала көшелерінде қолына домбыра ұстаған түрлі ұлттың бүлдіршіндерін жиі кездестіруге болады. Олар алдымен балабақшада, кейін мектепте домбыра тартуды меңгереді. Осылайша домбыра олардың санасында жай ғана музыкалық аспап емес, ұлттық мәдениет пен дәстүрдің ажырамас бөлшегіне айналады. Бұл, әрине, ерекше қуантады. Өйткені халқымыздың баға жетпес рухани мұрасы жас ұрпақтың бойында осылайша сақталып, келер буынға жалғасады, — дейді Тұрар Әліпбаев. — Көпұлтты еліміздің барша тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Қарағандыда жүздеген домбырашы «Адай» күйін бірге орындады

    13 жастағы Злата Тарадина бес жылдан бері №2 Оқушылар сарайында домбыра тартуды үйреніп келеді.

    — Домбыра үйірмесіне баруға ата-анам ұсыныс жасады. «Ата толғауы» үйірмесінің жетекшісі Бибігүл Тілеуханованың тәлімінің арқасында бірнеше күйді меңгердім. Қазір түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Домбыра менің өмірімнің ажырамас әрі қымбат бөлігіне айналды, — дейді жас домбырашы.

    Қарағандыда жүздеген домбырашы «Адай» күйін бірге орындады

    Мерекелік бағдарлама Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің орындауындағы Құрманғазының «Балбырауын» күйімен ашылды.

    Қарағандыда жүздеген домбырашы «Адай» күйін бірге орындады

    Одан кейін акцияға қатысушылар көрермендерге өз өнерлерін тарту етті.

    Қарағандыда жүздеген домбырашы «Адай» күйін бірге орындады

    Ал кештің шарықтау шегі Құрманғазының әйгілі «Адай» күйінің жаппай орындалуына ұласты.

    Қарағандыда жүздеген домбырашы «Адай» күйін бірге орындады

    Сол сәтте театр алдындағы алаң алып сахнаға айналып, жүздеген домбыраның қоңыр үні бір арнаға тоғысып, біртұтас оркестрдің үніндей асқақ естілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары