
5 шілде – Қазақстанда Ұлттық домбыра күні. Осы мерекеге орай 5 шілде күні Өскемен қаласында Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің «Күмбірле қоңыр үнді домбыра» атты мерекелік концерті өтеді.
Концерттің бас дирижері – Мәдениет саласының үздігі Шалқар Ырысханұлы, дирижері – Мәдениет саласының үздігі Ержан Қасымқанов.
Концерттік бағдарламаға Мәдениет саласының үздігі Нұргүл Қабдоллаева, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Хадхан Манай, Абай Қайырбек, Естай Матабаев және Ерасыл Ринатов қатысады.
Концерт кешкі сағат 18:00-де амфитеатр алаңында басталады.









