Құрылтай депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жұмыстары бойынша Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген алғашқы отырысы өтті

    ·
    Құрылтай депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жұмыстары бойынша Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген алғашқы отырысы өтті

    2026 жылғы 3 шілдеде ағымдағы жылдың 23 тамызына тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы науқаны шеңберінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген бірінші отырысы өтті.

    Отырысқа – Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – Серік Сәтбекұлы Құрманбеков, Облыс прокурорының аға көмекшісі - Ғалым Бахытжанұлы Қонақбаев, облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары - Жандарбек Мұхтарұлы Әбдіқалықов, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы – Самат Болатұлы Төрегелдиев, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы - Нұрсұлтан Арқабайұлы Исабеков, облыс әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнур Кеңесқызы Курамысова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы басшысының міндетін атқарушы - Ақерке Илиясқызы Әбдібекова, «Әділет» партиясының Жамбыл облыстық филиалының хатшысы - Дәурен Айтасұлы Қаипов, «Ақ жол» демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасының міндетін уақытша атқарушы - Дәурен Хайруллаұлы Ахметжаев, «Ауыл» партиясы» Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы – Сұлушаш Сәтбекқызы Құрманбекова, Қазақстан Халық партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы – Рахман Сейілханұлы Аққозиев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы - Ержан Каханұлы Дәуренбеков, «Байтақ» партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы - Нұрсұлтан Ермекұлы Өмірбаев, Respublica партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы - Айнұр Шайзханқызы Келімбетова, сайлауды байқау жөніндегі аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің төрағалары, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлық қақарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының директоры - Қасымхан Естемесұлы Төлендиев, сонымен қатар, қала-аудан әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары мен аппарат басшылары, қала/аудан әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, қалалық-аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:

    1.2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын орындау туралы;

    1. Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы;
    2. Құрылтай депутаттарын сайлауда сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы;
    3. Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасындағы жаңашылдықтар туралы;
    4. Құрылтайы депутаттарын сайлауға саяси партиялардың партиялық тізімдерін ұсыну және жіберу туралы;

    Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды үйымдастыру туралы;

    1. Құрылтай депутаттарын сайлауын ақпараттық сүйемелдеу және сайлауалды үгіт жұмыстары туралы;
    2. Құрылтай депутаттарын сайлауды өткізу кезеңіндегі байқаушылар қызметі мен сенім білдірген адамдарын тіркеу тәртібі туралы;

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов комиссия отырысын ашып, аталған жиын Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциялық негіздері аясында өткізілетін Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы қарсаңындағы маңызды кезеңдердің бірі екенін атап өтті.

    Сергали Айдапкелов 2026 жылғы 1 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Құрылтай депутаттарын сайлауды 2026 жылғы 23 тамызға тағайындау туралы» жарлыққа қол қойғанын және Президент Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыруды тапсырғанын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, әкімдіктерге Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдауды жүктегенін атап өтті.

    Осыған орай, 2026 жылғы 1 шілде күні 2026 жылдың 23 тамызына тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы науқаны шеңберінде Орталық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өтып, комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес 7 мәселе қаралып, тиісті қаулылар қабылданғанын айта келе, бүгінгі отырыста «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауын ұйымдастыруға байланысты қабылданған қаулыларды іске асыру» мәселелері қаралатынын айтты.

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары