
Екібастұз қалалық мәслихатының депутаттары атынан сіздерді мемлекеттік мереке – Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана – егемендігіміздің еңселі айғағы, бірлігіміздің бесігі және қарқынды дамып келе жатқан жаңа Қазақстанның бас қаласы. Ортақ Отанымыздың, соның ішінде бас қаламыздың өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып жүрген барша еңбекқор екібастұздықтарға шынайы ризашылығымды білдіремін.
Осынау айтулы күні әр шаңыраққа құт-береке, зор денсаулық және бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Бас қаламыз асқақтай берсін, еліміздің болашағы жарқын болсын!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы








