ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КӨҢІЛДІ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

    ·
    ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КӨҢІЛДІ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
    Түркістан қаласында жастардың уақытын тиімді пайдалану, орта қалыптастыру және талантты жастарды қолдауға арналған көңілді кеш өтті.
    Бейресми шара аясында қатысушылар Жастар саябағынан бастау алған экскурсияға қатысып, жаңадан іске қосылған Red Bus экскурсиялық автобусымен Түркістан қаласының көрікті және тарихи орындарын тамашалады.
    Экскурсиядан кейін жастар Қолөнершілер орталығында өткен мерекелік кеште бас қосты. Бағдарлама барысында қызықты ойындар ұйымдастырылып, белсенділік танытқан қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
    Кештің көркін Alem Band тобының өнер көрсетуі аша түсті. Танымал топ өздерінің әсерлі әндерін орындап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше атмосфера сыйлады.
    Айта кетейік, шараның мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың өзара қарым-қатынасын нығайту, белсенді өмір салтын насихаттау, шығармашылық әлеуетін дамыту және қоғамдық белсенділігін арттыру.
    Түркістан қалалық Жастар ресурстық орталығы алдағы уақытта да жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған мәдени-танымдық және ойын-сауық іс-шараларын тұрақты түрде жалғастырады және қала жастарын да қатарына қосылуға шақырады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары