
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен қала құрылысы кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.
Жиынға Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, дербес бөлім басшылары мен сәулетшілер, жобалаушы ұйым өкілдері мен инвесторлар қатысты.
Мәжіліс барысында қала аумағында жүзеге асырылатын бірқатар құрылыс және сәулет жобалары қаралды. Олардың қатарында қонақ үй, сауда орталығы, аурухана, мемориал құрылысы және өзге де маңызды нысандардың жобалары бар.
Инвесторлар тарапынан ұсынылған жобалардың сәулеттік шешімдері мен қала құрылысы талаптарына, дизайн-кодқа сәйкестігі жан-жақты сараланды.
Сондай-ақ, жиында қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұхит Қадірұлы баяндама жасап, ұсынылған жобалармен қатар әкімдік тарапынан жүзеге асырылатын сәулеттік нысандардың жобасын таныстырды.
Жиын қорытындысында ұсынылған жобалардың біршамасы қайта түзетуге жолданып, біршамасы облыстық кеңеске ұсынылатын болады.









