
Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының кезекті жәрмеңкесі Қолөнершілер қалашығының Шығыс базарында өтуде.
Мұнда тұрғындар үшін қолжетімді бағамен азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар тауарлар жергілікті тауар өндірушілер мен кәсіпкерлерден тікелей нарық бағасынан төмен бағада халыққа ұсынылуда.
Сатылымға ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, жұмыртқа, ұн, өсімдік майы және басқа да күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары шығарылды.
Мұндай жәрмеңкелер тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтамасыз етуге, сондай-ақ бағаны тұрақтандыруға және жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.









